Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz – Былтыр БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша 30,3 млн операция жүргізді. Оның ішінде 20,9 млн – электронды форматта, 7,1 млн – автоматты режимде іске асырылды. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметі хабарлады.
«БЖЗҚ-ның зейнетақы қызметтерін Қор кеңсесіне келіп, enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы немесе eGov. kz электрондық үкімет порталы арқылы кез келген ыңғайлы, түсінікті және қолжетімді форматта алуға болады. Бұл ретте салымшылар мен алушылар көбіне цифрландыруға басымдық береді: Қор қызметтерінің 93% жуығы халыққа онлайн немесе автоматты режимде көрсетіледі», – деп хабарлады қор.
БЖЗҚ мәліметінше, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға көбірек жүгінеді. 2022 жылдың 12 айында жеке зейнетақы шоттарынан 26,4 млн-нан астам үзінді көшірме беріліп, 20,8 млн-нан астамы электрондық форматта ұсынылды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024