Экономика
Қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалады
Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz — Желтоқсан айында бар болғаны 18 күн жұмыс күні бар. Демек, қазақстандықтар 13 күн демалады.
1 желтоқсан
Тұңғыш Президент күніне орай биыл қазақстандықтар 3 күн демалды. 1 желтоқсан сенбіге сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 3 желтоқсанға ауыстырылды.
Алда басты мемлекеттік мереке –
Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен, сейсенбі, 18 желтоқсан демалыс күні болады.
2018 жылдың соңғы дүйсенбісі - 31 желтоқсан демалыс. Жалпы, 2018 жылдың соңғы жұмыс күні – сенбі, 29 желтоқсан болады.
Жаңа жылдық демалыс төрт күнге созылады. Қазақстандықтар 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін демалады.