Алматы. 8 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдер бойынша нақты түсімдер 6,6 трлн теңгеге жетті. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (5,8 трлн теңге) түсімдер 13,8%-ға өсті.
Бұл ретте салықтық түсімдер 6,4 трлн теңгені құрады. Соның ішінде ең көп ақша тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге салынатын ішкі салықтарға түсті. Бұл төлемдер жалпы көлемнің 39%-ын құрап, 2,5 трлн теңгеге жетті.
Қазақстандықтардың табысына салынатын табыс салығы 1,9 трлн теңгені құрады, халықаралық сауда және сыртқы операциялар бюджетке 1,1 трлн теңге, әлеуметтік салық - 506,7 млрд теңге, меншікке салынатын салықтар - 279,1 млрд теңге, заңдық маңызы бар іс - әрекеттер жасағаны үшін алынатын міндетті төлемдер - 45,3 млрд теңге әкелді. Басқа салықтар 650,5 млн теңге болды.
Салықтық емес түсімдер үш тоқсанда 161,4 млрд.теңгеге жетті. Оның ішінде, мемлекеттік меншіктен түскен кірістер 63 млрд теңгені, басқа да салықтық емес түсімдер - 54,3 млрд теңгені, айыппұлдар мен өсімақылар - 41,7 млрд теңгені, мемлекеттік сектордың тауарлары мен қызметтерін сатудан түскен түсімдер - 2,2 млрд теңгені, мемлекеттік сатып алудан түскен түсімдер - 103,1 млн теңгені, гранттар - 321 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, негізгі капиталды сатудан түскен түсім 9 айда 75,1 млрд теңгені құрады. Бұдан басқа, мемлекеттік мүлікті іске асыру 53,3 млрд теңге, жер және материалдық емес активтер - 15,4 млрд теңге, ал мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату - 6,4 млрд теңге әкелді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024