Қазақстандықтарды жылу және жарықпен қамтамасыз ету үшін 82 млрд теңге бөлінді
Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылы жылу және электрмен жабдықтауды жақсартуға республикалық бюджеттен 82,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаражат 119 жобаны жүзеге асыруға жұмсалады.
Министрліктің хабарлауынша, өткен жылы облыс пен қалалар 66,2 млрд теңге алды. Бұл қазіргі сомадан 20%-ға аз. Сонымен қатар, 2018 жылы 128 жоба қаржыландырылды. Оның 49-ы пайдалануға берілді.
"Бүгінгі таңда Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде қуаттардың айтарлықтай артықшылығы бар және жеті жылдық перспективада тапшылық болжанбайды. 2018 жылы электр энергиясын өндіру 106,8 млрд кВтс құрады, немесе өткен жылмен салыстырғанда 104,4%, электр энергиясын тұтыну 103,2 млрд кВтс немесе 2017 жылға 105,5% құрады", - деп атап өтті Энергетика министрлігінде.
Айта кетейік, 2019-2021 жылдары Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламалары аясында облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларға 147,2 млрд теңге беру қарастырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024