Қазақстандықтардың AliExpress-те бау-бақша тауарларын сатып алуы 34%-ға артқан

AliExpress нарығы 2023 жылдың көктемінде қазақстандықтардың сатып алу белсенділігін талдап,
қандай тауарларды жиі сатып ала бастағанын анықтады.
Талдау көрсеткендей бау-бақша тауарларын сатып алуға сұраныс күрт артқан. Мәселен, 2023 жылдың наурыз және сәуір айларында 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, үй-жайды жақсартуға арналған тауарларға сұраныс 43%- ға, бау-бақша керек-жарақтарының айналымы 34%-ға, ал үйді безендіру және жайластыру үшін тауарларды сатып алу 26%- ға өскен.
"Жөндеу жұмыстары мен бау-бақша жұмыстарынан басқа, қазақстандықтар өздерінің қала маңындағы учаскелерінде жайлылық пен ойын-сауық құруға назар аударғанын көреміз: соның ішінде үй тоқыма бұйымдарына сұраныс 23%-ға, кеңістікті ұйымдастыруға арналған тауарларға 25%-ға, ал кештерді ұйымдастыруға арналған тауарларға 21%-ға өсті", деп хабарлайды
PBN Hill+Knowlton Strategies агенттігі.