Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың несиелік қарызы 6 трлн теңге

Қазақстандықтардың несиелік қарызы 6 трлн теңге

Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда бір адамға есептегенде несиелік жүктеме осы жылы 5% өсіп, 908 мың теңгені көрсеткен, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Белгілі болғандай, 2018 жылдың қазан айының соңындағы көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың жеке қарыздарының жиынтық мөлшері 6 трлн теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың басымен салыстырғанда 14,4% артық.

Жеке несиелердің жартысынан көбі (2018 жылдың қазаны бойынша 53,1%) тұтынушылық несиелер.

Несиенің орташа мөлшері 3,1% төмендеп, 534 мың теңгені көрсеткен. Бір айда бұл көрсеткіштің 0,9% төмендегені байқалады. Бұған қоса бір адамға есептегенде несиелік жүктеме осы жылы 5% өсіп, 908 мың теңгені көрсеткен.

Қарыз беру жағынан банк секторы көш бастап тұр. Қазан айында берілген жеке несиелердің 91,4% банк секторының үлесінде. Екінші орында 6% көрсеткішпен микроқаржы ұйымдары тұр. Үшінші орынды 2,4% көрсеткішпен онлайн-несиелеу алған.

Похожие материалы