Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов ауыр өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға кепілсіз несиелер бойынша өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару рәсімін жүргізу мерзімін атады.
«Алдағы аптада біз Парламентке барамыз. 17 млрд теңгеге жуық қаржыны тарту үшін проблемалы несиелер қорының арнайы облигацияларын шығару жұмыстарын бастаймыз. Бұл жұмысты 10 шілдеге дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мерзімі бойынша: алдағы екі айда барлық жұмыс аяқталады", - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар, министр өсімақылар мен айыппұлдарды өтеу үшін қандай көздерден қаражат алу ұсынылғанын айтты.
"Инвестициялық жобаларға бұрын бөлінген қаражатты қайта бөлуді ұсынамыз, атап айтқанда, әңгіме бұрын тікелей инвестициялар қорын қалыптастыруға бөлінген қаражатты қайта бөлу туралы болып отыр. Қаражат бөлінген, олар қорда тұр", - деді Әлихан Смайылов.
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жекелеген санаттары үшін қарыз жүктемесін төмендету жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Олардың ішінде көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Жарлыққа сәйкес берешектің жалпы сомасы 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауы тиіс. Есептен шығарылатын сома - бір борышкерге 300 мың теңгеден аспайды. Құжатта сондай-ақ 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару тапсырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024