26 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кепілсіз тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін есептен шығаруды қарастыратын «Азаматтардың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Халықтың кейбір бөлігінің қарызы өтелгенімен, қазақстандықтарды мазалайтын сұрақтар әлі көп. 7kun.kz солардың бірқатарына жауап береді.
Сұрақ: Қандай санаттағы клиенттердің несиесі өтеледі?
Жауап: 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша мына санаттағы клиенттердің кредиттері өтеуге жатады: 1) көп балалы отбасылар, яғни 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар; 2) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар; 3) мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер; 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 5) жетім балалар; 6) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмағандар.
Сұрақ: "Мемлекеттен ақша түсті", деген хабарлама келді, оны қалай алсам болады?
Жауап: Сіздің кредитіңіздің 300 000 мың теңгесі мемлекеттен түскен қаражат есебінен автоматты жабылады. Егер кредитті жабудан артылған сома болса ол картаңызға аударылады. Картаңыз болмаса ағымдағы шотқа түседі. Оны алу үшін банкке бару керек.
Сұрақ: Неге барлық сома емес, қарыздың бір бөлігі ғана өтелді?
Жауап: 2019 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша берешек сомасы өтелуге жатады. Алдымен негізгі борыш пен пайыздар өтеледі. Өсімақылар мен айыппұлдар өтелуге жатпайды.
Сұрақ: Мемлекеттен түскен ақшаны алу үшін комиссия бола ма?
Жауап: Жоқ, ақшаны алу үшін комиссия болмайды.
Сұрақ: Мемлекет кредитті толық өтей ме?
Жауап: Үкімет клиентке 300 000 теңгеден артық емес қаражат бөлетінін еске саламыз. 1 маусымдағы жағдай бойынша берешек сомасы өтеледі. Өтеу басымдығы келесідей болады: алдымен негізгі қарыз, содан кейін пайыздар. Егер сіз мемлекет тізіміне енгізсеңіз, банк несиені міндетті түрде өтейді.
Сұрақ: Мен несие картамды жаптым, маған төленген қарыз сомасын қайтара ма?
Жауап: Егер сіз Үкімет тізіміне кірген болсаңыз, иә, қайтарылады. Егер шотта артық ақша қалса, олар картаңызға немесе басқа кредиттерді өтеу үшін немесе шешіп алатын ағымдағы шотқа аударылады.
Сұрақ: Қарызы кешірілетіндерге қойылатын талаптарға сәйкес келемін, бірақ менің кредитімді өтемеді. Қайда барсам болады?
Жауап: Сізден тұрғылықты жеріңіздегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуіңізді сұраймыз, онда сіз ақпаратты тағы бір рет нақтылап, әрі қарайғы әрекеттер туралы нұсқаулар ала аласыз.
Сұрақ: Несиенің өтелгені туралы қалай білсем болады?
Жауап: Егер сіздің кредитіңіз кешірілсе немесе шотыңызға ақша аударылса, банк сізге хабарлама жібереді.
Сұрақ: Неге автокредит бойынша қарызды өтемеді?
Жауап: Тек кепілсіз кредиттер ғана өтеуге жатады, ал автокредит - кепілді кредит.
Сұрақ: Менде әртүрлі банктерде бірнеше несие бар, олардың қайсысы өтеледі?
Жауап: Алдымен басқа несиелеріңізден пайыздық мөлшерлемесі жоғары кредитіңіз өтеледі.
Сұрақ: Несие картамдағы қарызымды төледім, оны қайтадан пайдалана аламын ба?
Жауап: Иә, сіз қолжетімді соманы қайта пайдалана аласыз.
Сұрақ: Банкке бару керек пе?
Жауап: Жоқ, банкке барудың қажеті жоқ. Еңбек министрлігі дайындаған тізім бойынша мемлекеттен түсетін қаражат клиенттің кредиттік шотына түседі. Банк тек клиенттерге смс хабарлама жібереді.
Сұрақ: Тізімді кім дайындады?
Жауап: Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
Қосымша ақпарат
Мемлекеттен ақша есебінен кредит автоматты түрде келесі түрде өтелетін болады:
• егер ақша жеткілікті болса - несие мерзімінен бұрын толық өтеледі;
• егер ақша толық өтеуге жетпесе - онда несие ішінара, яғни бір бөлігі өтеледі және төлем азаяды;
• егер клиент несиені өзі өтесе – мемлекеттен ақша картаға (егер бар болса) немесе ағымдағы шотқа (егер карта болмаса) аударылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024