Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар 4%-ға өседі. Қаңтардан бастап зейнетақы өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 11%-ға артады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, дкеп хабарлайды 7kun.kz.
«Бүгін қабылданған түзетулер нәтижесінде сәуірден бастап зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдер қосымша 4%-ға индекстеледі», - деді Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында.
Сенат спикері айтуынша, бұл төрт миллионнан астам адамға пайда әкеледі.
«Халықтың табысын арттыру бағдарламасы бойынша кешенді жоспарды іске асыруға 197 млрд теңге бөлінеді», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Сенат 2022 жылға арналған республикалық бюджетке нақтылауларды қабылдағаны хабарланған болатын. Әлеуметтік блоктың шығындары 581 млрд теңгеге ұлғайтылды және ол жалпы бюджет шығыстарының 46%-ын құрады. Қосымша қаражат әлеуметтік төлемдерді индексациялауға, медициналық көмек көрсетуге, еңбек нарығын дамытуға және жастарды қолдауға бағытталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024