ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов қазақстандықтарды тиімді ұялы байланыс тарифтерін қолдануға шақырды. Оның сөзінше, абоненттердің 30%-ы 2011-2012 жылдардағы тиімсіз тарифтерді пайдаланады. Бұл туралы Today.kz хабарлайды.
"Қазақстандағы ұялы байланыс тарифтеріне келсек, бізде олар бәсекелесуге өте қабілетті. Қазір 1 минуттың орташа бағысы 3 теңге... Мысалы, бір айға мың теңгелік пакеттер бар. Омен желі ішінде қанша сөйлессеңіздер де болады. Басқа ұялы байланыс операторларына хабарласатын тиімді тарифтер де бар. 100 теңгеден басталып ары қарай кете беретін",- деді С.Сәрсенов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Вице-министрдің сөзінше, абоненттердің 30%-ы осы уақытқа дейін, 2011-2012 жылдардағы қымбат тарифтерді пайдаланып келеді. "Олар (тарифтер) қымбат, сондықтан мен біздің азаматтарды тиімді тарифтерге өтуге шақырғым келеді. Ал ұялы байланыс операторлары оны автоматты түрде тиімді тарифке ауыстыра алмайды",- деді ол. Фото: profit.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024