Екінші деңгейдегі банктер берген ақпарат бойынша 2016 жылғы сәуірдің соңында жеке тұлғалардың арнайы шоттарындағы өтемақы төленетін сома қалдығы 69,2 млрд. теңгені құрады. ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов осындай деректер келтірді.
Ол болжанатын өтемақы сомасының 60 млрд теңге құрайтынын атап өтті. Бұл ретте, оның сөзінше, қазақстандықтардың депозиттері бойынша өтемақы Ұлттық Банк қаражатының есебінен төленетін болады.
Еске сала кетсек, Ұлттық Банк ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша айырбастау бағамының өзгеруіне байланысты жеке тұлғалардың теңгемен ашылған мерзімді депозиттеріне өтемақы төлеу тетігін әзірлеп, енгізді. 2015 жылы Жеке тұлғалардың теңгемен ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібі бекітілген болатын. Жеке тұлғаларға өтемақы 2016 жылғы 10 қазанға, 2016 жылғы 10 қарашаға және қоса алғанда 2016 жылғы 10 желтоқсанға дейін төленетін болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024