Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстандық банктер несие беру кезінде қарыз алушының төлем қабілеттілігін тексеретін болады.
«Қаржы ұйымдарының банктік және өзге де операциялардың жекелеген түрлеріне шектеулер енгізу туралы» құжатқа сәйкес несиелерді рәсімдеу екі кезеңмен өтеді.
«Біріншісі – қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау; екіншісі-оның қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу. Егер табыс мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болса, сондай - ақ борыштық жүктеме коэффициентінің мәні белгіленген шектен асып кетсе, онда банк несие беру туралы оң шешім қабылдамайды», - делінген Ұлттық банктің жобасында.
Алдыңғы нұсқада қаржы институттары тек қарыз жүктемесінің коэффициентін ескеретін.
Бұл талаптар несие берушілерге кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға берілген несиелерге қолданылады.
Құжат 18 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





