Экономика
Қазақстандықтарға оң рульді шетелдік көліктерді заңдастыруға рұқсат беріледі
Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстандықтар оң рульді шетелдік көліктерді бір реттік заңдастырудан өткізуге мүмкіндік алады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты біз көлік құралдарын біржолғы тіркеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, жақында ғана оң рульді көліктер бір реттік заңдастыруға енгізілетіні туралы тиісті түзетулер енгіздік. Қазір мұндай көліктердің саны 20 мыңға жуық», – деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінде көлікті бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төленетінін хабарлаған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024