Қазақстанға қолма-қол шетел валютасын жеткізу жағдайы қалыпқа келуде, қаражаттың алғашқы легі келіп түсті. Бұл туралы Ұлттық Банк басшысы Ғалымжан Пірматов хабарлады.
"Қазір сатып алдық, алғашқы партия келіп жетті, сондықтан қолма-қол ақшаға қатысты жағдай қалыпқа келе бастады", – деді ҰБ басшысы.
Сондай-ақ, Пірматов коммерциялық банктер қолма-қол валютаны қалай жеткізетіндігіне де тоқталды.
"Қалыпты жағдайда коммерциялық банктер қолма-қол валютаны өздері сатып алып, жеткізеді. Мұны қосымша "қауіпсіздік жастықшасы" болу үшін жасаймыз, егер кенеттен қандай да бір коммерциялық банкте валюта жетпей қалса, береміз", – деді ол.
Бұған дейін, Қазақстанның Ұлттық Банкі Федералдық резервтік жүйе – АҚШ орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін қарастырғанын хабарлаған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024