Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz – 700-ге жуық IT-компания Қазақстанға көшуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму министрлігінде айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министрлік қазіргі уақытта 700-ге жуық компанияның Қазақстанға қоныс аудару мәселесі бойынша Astana Hub-пен кеңесіп жатқанын түсіндірді. Бұл негізінен Ресей, Беларусь және Украина ұйымдары.
Сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Кипр, Сингапур және т.б. елдерден сұраныстар бар.
"Елімізде 62 IT-компания заңды тіркелген. Көшірілген ірі брендтердің ішінде InDriver, EPAM, Yandex сияқты компанияларды атап өтуге болады», - деді министрліктегілер.
Осындай ірі ұйымдардың елімізге көшуі арқылы білікті IT-мамандар санының артуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, инвестициялар ағыны, технологиялардың дамуы, тәжірибе алмасу, экспорт көлемінің ұлғаюы күтіледі.
Айта кету керек, Қазақстан цифрлық жобалардан 393 миллиард теңгеден астам табыс табуды жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024