Қазақстан 2015 жылы 2014 жылға қарағанда 2 есе аз инвестициялар алған. Бұл туралы Energyprom сараптамалық қызметі хабарлайды.
2014 жылы ел экономикасына 8 млрд доллар тартылса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 4 млрд долларды құрады. Құлдырау 2011 жылдан бері байқалып келеді, ол кезде көрсеткіш 14 млрд долларға жеткен еді. "Ол жылы шетелдік тікелей инвестициялар көлемі абсолютті өсім көрсеткен ең соңғы жыл болды. Кейінгі жылдары тек құлдырау байқалды", -деп жазады сараптамалық топ. Дегенмен 2015 жылғы төмендеу тек 0,6 млрд долларды құрады. Сарапшылардың сөзінше, соңғы он жылдықта елге келетін ақша елден жылыстаған капиталға қарағанда басым болған. Тікелей инвестициялардың тартылуы негізінен ұзақ уақыт бойы "таза түсім" деген зонада болып келген қарыз құралдарына қатысты операцияларға байланысты. "2015 жылғы құлдырау 11 млрд долларды құрайды. Өз кезегінде шетелдік инвесторлардың табысы дивиденттер есебінен жинақталды яғни 2010 жылы 78%, 2015 жылы 103% құраған. Дегенмен өткен жылы тікелей инвестициялардың тартылуы бойынша да және олардың табысы бойынша да тек негатив тенденция байқалды",-деп қорытындылайды Energyprom.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024