Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz – Бір жылда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 5%-ға өсті. Бұл ретте Қазақстаннан экспорт бірден 15%-ға, импорт 1%-ға ғана артты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тауар айналымының басым бөлігін – 67,8%-бен импорт қрады. Жыл басынан бері Қазақстан Ресейден 12,4 миллиард доллардың тауарын импорттаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,8%-ға ғана артық.
Finprom.kz мәліметінше, Қазақстаннан Ресейге экспорт тиісінше тауар айналымының 32,2%-ын құрады. Бұл қазірдің өзінде 5,9 млрд доллар, жылдық өсім 15,1%-ды құрады. Ал Қазақстанның жалпы тауар айналымы құрылымындағы Ресейдің үлесі 18,7%, импорт құрылымында - 36%, экспорт құрылымында - 9,3% болды.
Қазақстаннан Ресейге ең танымал экспорт санаттары:
- металдар және олардан жасалған бұйымдар (1,5 млрд доллар),
- минералды өнімдер (1,4 млрд доллар),
- химия өнеркәсібі өнімдері (1,3 млрд доллар),
- машиналар, аппараттар мен жабдықтар (1,2 млрд доллар),
- ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары (349,5 млн. доллар).
Ал Қазақстанға Ресейден импорт санаттары:
- машиналар мен жабдықтар (2,5 млрд доллар),
- металдар және олардан жасалған бұйымдар (2,3 млрд доллар),
- АӨК және азық-түлік өнімдері (2,2 млрд доллар),
- химия өнеркәсібі өнімдері (2,1 млрд доллар),
- минералдық өнімдер (1,5 млрд доллар).
2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстан резиденттерінің Ресейден келген инвесторлар алдындағы міндеттемелерінің көлемі бірден жылына 70,5%-ға өсіп, 22,4 млрд долларға жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде ресейлік инвестиция портфелі 13,1 млрд доллар болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6%-ға артық.
Ұлттық статистика бюросының 14 қарашадағы мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың тоғыз айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 19,85 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ға көп.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024