Алматы. 12 қазан. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-тамызда ақша аударым жүйесі арқылы Қазақстанның жеке тұлғалары шетелге аударған қаржының көлемі 380,1 миллиард теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Бұл көрсеткіш 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,5% жоғары. Өткен жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 25,2% жоғары болған. Биыл 8 айда жүргізілген транзакциялардың саны 1,8 миллион болған, ол өткен жылдан 9,3% жоғары.
Аударымдардың басым бөлігі Ресейге жасалған. Аударылған сома - 147,8 миллиард теңге. Бір жылдағы өсім - 27,2%. Алайда аударылған қаржының жалпы көлемі ішінде шет мемлекеттердің үлесі төмендеген - 39-дан 38,9 пайызға дейін.
Одан кейінгі орында Өзбекстан тұр. Бұл елге 72,6 миллиард теңге аударылған, көрсеткіш бір жылда 33,1% өскен. Елдің үлесі 18,3-тен 19,1 пайызға жоғарылаған. Көш басындағы үштікте Түркия бар - 41,3 миллиард теңге, өсім - 89%. Үлесі 7,3-тен 10,9 пайызға артқан.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024