2016 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 2 631,6 млн долларды құрап, 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 28,6%-ға азайды. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарланды.
Экспорт – 869,2 млн доллар (20,3%-ға аз), импорт – 1 762,4 млн доллар (32,1%-ға аз) болды.
Қазақстан Республикасының экспорты құрылымының көпшілігін минералды өнімдер (32,4% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), химиялық өнеркәсіп өнімдері (19,8%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (19,2%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (10,1%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 23,9%), минералды өнімдері (18,5%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (17,2%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (15,2%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (11,1%) әкелінеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024