Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанның жалпы халықаралық қорындағы алтын үлесі 46,5%-ды құрады, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Өткен жылдың қорытындысында елдің жалпы халықаралық қоры 31 млрд долларды құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға көп. Оның 46,5%-ын (14,4 млрд доллар) алтын құрайды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, осыдан бір жыл бұрын алтын үлесі небәрі 40,3%-ды құрап, ал бес жыл бұрын 77,5% еркін конвертацияланатын шетел валютасы болды.
Мемлекет еліміздің алтын-валюта қорын тазартылған алтын құймаларымен толтыра отырып, Қазақстанда шығарылатын барлық алтынды сатып алуда.
Айта кетерлігі, республикада өндірілетін алтынның бір бөлігі халыққа да сатылып жатыр. Мәселен, осы уақытқа дейін екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы салмағы 166,9 келі болатын 4 мыңнан астам шағын алтын құйма сатылды. Өткен жылғы қараша айының соңынан бері валюта айырбастау орындарының да шағын алтын құймаларды сатуға мүмкіншілігі бар. Сол уақытта ұлттық банк салмағы 12-13 келі болатын алтын құймаларды сатылымға шығаратындығы белгілі болған еді. Оны жеке және заңды тұлғалар сатып ала алады.
Алтын құймаларын әлемдік нарықта да сатуға жол ашылып отыр. Ұлттық банк биылғы жылдан бастап бағалы металды коммерциялық сауда серіктестеріне сатуға дайын. Дегенмен, оның көлемі шектеулі, 5 тоннадан аспайды.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің деректеріне сәйкес, Қазақстанның алтын қоры 341,2 тоннаны (әлемде 15-орында) құрайды. Бұл 2017 жылдың соңындағы көлемнен шамамен 50 тоннаға, ал 2016 жылғы көлемнен 83 тоннаға көп.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024