Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Қазақстанның халықаралық резервтері 2019 жылғы қазан айының соңына қарай 29,5 млрд долларды құрады - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға (29 млрд доллар) және қыркүйекке қарағанда 2,5%-ға артық.
Қазан айындағы көрсеткіш 2019 жылдың басынан бастап ең жоғары деңгейге жетті.
Қараша айындағы жағдай бойынша резервтердің валюталық бөлігі бесінші жыл қатарынан төмендеп, 11,2 млрд доллар деңгейінде тұр. Сонымен қатар соңғы айда ЕАВ (еркін айырбасталатын валюта) активтері 4,5%-ға артты.
Халықаралық резервтер құрамындағы алтынның көлемі белсенді өсіп келеді. Соңғы бес жылда алтын-валюта резерві құрылымындағы алтын 7 миллиардтан 18,3 миллиард долларға дейін өсті.
Осылайша, қазіргі уақытта халықаралық резервтер құрамындағы алтын мен валютаның арақатынасы тиісінше 62% және 38%-ды құрайды.
Айта кетейік, алтын-валюта резервтері айтарлықтай жоғары деңгейде, бұл экономикалық күйзелістер жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ете алады.
Қазан айының қорытындылары бойынша алтынның әлемдік бағасы бір унция үшін 1506,4 доллар деңгейінде болды, бір ай бұрын оның бағасы унция үшін 1448,6 долларды құрады (+ 1,3%). Жыл басынан бері қымбат металдың бағасы 17,5%, ал 2018 жылдың қазанымен салыстырғанда 23,7% өсті.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметтері бойынша, орталық банктердің алтынды таза сатып алуы 2018 жылы 651,5 тоннаға жетті — өткен жылмен салыстырғанда 73,8%-ға артық (374,8 тонна).
2018 жылы Қазақстан Ресей мен Түркиядан кейін алтын сатып алу бойынша көшбасшылардың үштігіне енді. Қазақстанда алтын қоры бір жылда 50,6 тоннаға өсті.
2019 жылдың үшінші тоқсанында орталық банктер 156 тонна алтын сатып алды. Осылайша, осы жылдың тоғыз айында сатып алу 547,5 тоннаға дейін өсті.
Өз кезегінде, Қазақстан алтын-валюта резервіндегі алтын қоры бойынша елдер рейтингінде Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Ұлыбритания сияқты елдерді басып озып, 16-шы орынға жайғасты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024