Алматы. 22 қараша. 7kun.kz – Ұлттық Банк валюталық резервтер құрылымында алтынның көлемін біртіндеп ұлғайтуды жалғастыруда.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің деректері бойынша, 2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша алтын қорында бағалы металдардың қоры 335,1 мың тоннадан асып түсті (2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша - 303 тонна) немесе елдің халықаралық резервтерінің 42,5%-ы.
Салыстыратын болсақ, 2017 жылдың соңында (1 желтоқсан) олар 291,9 тоннаны немесе 37,5% құрады. 2016 жылдың соңында Ұлттық Банкте 258,1 тонна алтын (халықаралық резервтердің 27,1%) болды.
Қазіргі уақытта қымбат металдар бойынша Қазақстан есепті айда әлемнің 100 елінен 15-ші орынға ие.
Жалпы, 2018 жылдың қараша айының басында алтын қоры бойынша әлемдік көшбасшы – АҚШ (8133,5 тонна). Ресей алтыншы орында тұр, оның қоймасында осы металдың 2036,2 тоннасы немесе елдің халықаралық резервтерінің 16,9%-ы бар.
Бұдан бұрын Ұлттық банк 2019 жылдан бастап Құрама Штаттарда, Еуропа мен Азияда алтын құймаларын сатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Осылайша, қымбат металл коммерциялық сауда серіктестеріне сатылатын болады.
Алтынды сыртқы нарықта еркін айналымдағы валютаға бес тоннадан аспайтын көлемде сату жоспарланып отыр (жыл сайын сатып алынатын алтын көлемінің 4%-ына дейін).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024