Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның барлық өңірінде коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендейді

Қазақстанның барлық өңірінде коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендейді

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтердің: сумен жабдықтау, су тарту, электрмен жабдықтау, жылумен және газбен қамту тарифтерін төмендету жоспарланып отыр, - деп хабарлайды primeminister.kz.

«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шекті тарифтер аясында барлық өңірде қызметтің бес түрі бойынша (сумен жабдықтау, су тарту, электрмен жабдықтау, жылумен қамту және газбен қамту) тарифтердің ұлғаюы жоспарланған еді. Уәкілетті органның жергілікті атқарушы орнандармен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерімен жүргізген жұмысының нәтижесінде 1 қаңтардан бастап тарифтер ұлғаймай, төмендейді деп көздеп отырмыз», - деді С.Жұманғарин.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 14 өңірдің халқына тарифтер төмендейтіні болжанған: Қарағанды облысында 2,2%-дан Түркістан облысында 15,3%-ға дейін. Соның нәтижесінде халықтың жылумен қамту қызметтерінен үнемдейтін сомасы шамамен 6 млрд тг құрайды.

ҚР ҰЭМ ақпаратына сәйкес, биылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша, үш өңірдің тұрғындары үшін жылу тарифтері төмендетілген: Ақмола облысы – 36,8%-ға (116,1-ден 73,4 теңге/м2 дейін), Солтүстік Қазақстан облысы – 1,1%-ға (114,7-ден 113,4 теңге/м2 дейін) және Шығыс Қазақстан облысы (Семей қаласы) – 2,8%-ға (70,1-ден 68,2 теңге/м2 дейін).

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 16 аймақта тұрғындар үшін тарифтер 3%-дан 22,7%-ға дейін төмендемек. 2018 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша Жамбыл облысында халық үшін су тарифі 22%-ға (52,3-тен 40,8 теңге /3-ке дейін) қысқартылды.

Бұдан басқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 16 аймақтың халқы үшін тариф деңгейі 3%-дан 11,4%-ға дейін (54,07-ден 47,91 теңге/м3-ге дейін) төмендейді.

Бүгінгі күні Жамбыл облысының халқы үшін су бұру тарифі 0,4%-ға (16,4-тен 16,3 теңге/3-ке дейін) төмендеді. Сонымен қатар, С.Жұманғарин елдегі ең төмен тариф Жамбыл облысында екенін атап өтті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап болжамды бағаның төмендеу деңгейі 3,3%-дан 17,5% аралығында болмақ. Сонымен бірге, Алматы халқы үшін газ бағасы 12%-ға төмендемек (29,8-ден 26,2 теңге/м3), Шымкент қаласы мен Түркістан облысында — 6% (30,7-ден 28,9 теңге/м3), Жамбыл облысында — 6% (24,3-тен 22,8 теңге/м3). Нәтижесінде газбен жабдықтау қызметтеріне халық қаражатының шамамен 5 млрд теңгесі үнемделмек.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық үшін электр энергиясына арналған бағаны төмендету Республиканың барлық өңірлерінде күтілуде. Халық үшін бөлшек бағаны болжамдық төмендету 1,7%-дан 22,32%-ға дейін құрайды.

2018 жылдың 20 желтоқсандағы жағдай бойынша халық үшін электр энергияның бағалары Жамбыл облысында 3,6%-ға (13,35-тен 12,86 теңге/кВтс дейін) және Қызылорда облысында 4%-ға (14,51-ден 13,93теңге/кВтс дейін) төмендетілді.

Нәтижесінде халықтың қаражатын үнемдеу жалпы электрмен жабдықтау қызметі үшін 7,8 млрд теңгеге жуық құрайды.

Жалпы тұтынушылардың қаражат үнемдеуі электрмен жабдықтау қызметі үшін шамамен 14,5 млрд теңгені құрайды.

Похожие материалы