Астана. 31 қазан. 7kun.kz – Бүгін елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы Қазгидрометтің ресми сайты хабарлады.
Дабылды ескерту келесі аймақтарда жарияланды:
Жетісу облысы: түнде және таңертең таулы аумақта тұман түседі, оңтүстік-батыстан жел соғады, ал солтүстік-шығыста екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады.
Қызылорда облысы: оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Маңғыстау облысы: түнде және таңертең батыста, орталықта тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жел соғады. Облыс ортылығында таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысы: оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысы: түнде және таңертең оңтүстік-шығыста тұман, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысы: басым бөлігінде оңтүстік-батыстын жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысы: солтүстік-шығыста көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысы: облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында, батысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысы: өңірдің солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысы: өңірдің солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Қостанай облысы: өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысы: оңтүстігінде және шығысында көктайғақ болады.
Жамбыл облысы: таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді.
Сонымен қатар мегаполистердегі ауарайы келесідей:
Астанада кей уақыттарда көктайғақ күтіледі., күндіз 1-3 градус жылы, түнде минус 7-9 градус.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күндіз 9-11 градус жылы, түнде 4-6 градусқа дейін төмендейді.
Шымкентте ауа рйы жауын-шашынсыз, күндіз 12-14, түнде +3-5 градус.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024