Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның бензинін экспорттау маусым айында басталады

Қазақстанның бензинін экспорттау маусым айында басталады

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz — Қазақстанның бензинін жақын шет елдерге жеткізуді маусым айының екінші жартысында бастау жоспарланып отыр, деп хабарлады Энергетика министрлігінің басшысы Қанат Бозымбаев.

"Бензин экспортын ағымдағы жылдың маусым айының екінші жартысында бастау жоспарланып отыр", - деді Бозымбаев сейсенбі күні Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, бұған дейін ҚР энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов журналистерге Қазақстан шілде айында Қырғызстанға бензин жеткізуді бастайтынын мәлімдеді.

Өткен жылдың соңында Қазақстан 2019 жылдың ақпан айынан бастап келісімге қол қойылған жағдайда Қырғызстанға бензин экспорттауға кіріседі деп күтілген еді. Қырғызстанға қазақстандық бензинді жеткізудің бастапқы көлемі 10 мың тоннаға бағаланды.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары Данияр Тиесовтың айтуынша, Қазақстан 2019 жылы 1,2 млн тонна бензин экспорттай алады деп хабарлады.

Айта кетейік, 2018 жылы Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге экспорттаған жоқ.

Похожие материалы