Нұр-Сұлтан. 1 шілде. 7kun.kz – Қазақстан өзін халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесінің салиқалы, парасатты және жауапты қатысушысы ретінде танытуда. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.
Биыл тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 30 жыл толды.
«Сыртқы саясатты тиімді жүргізудің арқасында еліміз басқа мемлекеттермен қақтығыстарға бармауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде, бүгінде халықаралық қоғамдастықтың бірде-бір субъектісімен шиеленісті қарым-қатынасымыз жоқ. Осы арқылы отандық дипломатия мемлекеттігіміздің нығаюына елеулі үлес қосты», - деді министр «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында.
Ол сыртқы саясатымыздың ең маңызды жетістігі ретінде мемлекеттік шекараны заңдық ресімдеу процесін атап өтті. Елдің сыртқы шекараларын делимитациялау және демаркациялау мәселесі – әлемнің көптеген өңірінде ғасырлар бойы шиеленістер мен әскери қақтығыстардың себебі болып келген өте сезімтал мәселе.
«Біз қысқа тарихи мерзім ішінде Қытай, Ресей және Орталық Азиядағы көршілес елдермен шекара мәселесін шеше алдық. Бұл ұлттық мүдделерге нұқсан келтірместен жасалды. Бұған бейбітшілік пен өзара тиімді ынтымақтастық аймағы мәртебесіне ие болған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюды да жатқызуға болады», – деді министр.
Министрдің айтуынша, ядролық қаруды таратпау ісіне белсенді қатысу арқылы Қазақстан өзіндік саяси бренд қалыптастырды.
«Бейтарап медиатор ретіндегі атына сай Қазақстан әр жылдары Иранның ядролық бағдарламасы, 2015-2016 жылдардағы Ресей мен Түркия арасындағы дипломатиялық дағдарыс төңірегіндегі ахуалды реттеуге, Украина бойынша Минск процесінің іске қосылуына, Сирия бойынша Астана процесінің келіссөздерін жүргізуге елеулі үлес қосты», - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024