Алматы. 06 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан өңірлерінде еңбек нарығын дамытуға республикалық бюджеттен 18 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ.
"2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" жобаға сәйкес ең көп соманы Түркістан облысына жіберу жоспарланған – 3,7 млрд теңге немесе 20,2%. Қызылорда облысы 2 млрд теңгеден астам қаржы алады. Сондай-ақ, 1 млрд теңгеден астам теңге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына жіберіледі.
Сонымен қатар, республикалық маңызы бар қалалардың ішінде тек Шымкент ғана 1 млрд теңге алады, ал Алматы мен Нұр-Сұлтанға 500 млн теңгеден аз қаржы бағытталады.
Сонымен қатар, 18 млрд теңгенің 12 млрд теңгесі жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар тәжірибесіне тиесілі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024