Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы 2 жылда инфляцияның деңгейін 18%-дан 5,3%-ға дейін төмендете алды. Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде осындай деректер келтірді.
«2019 жылға арналған нысаналы бағдар жаңа, барынша төмен 4-6%-дық дәлізде белгіленді. Бұдан әрі Қазақстан Ұлттық Банкінің шаралары 2020 жылы инфляцияны төмен, 4%-ға жақын мәніне дейін біртіндеп төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталған», - деп толықтырды Ғалиева.
Төраға орынбасары жұмыстың маңызды бағыты халықтың және бизнестің инфляциялық күтулерін басқару болып табылатындығын атап өтті
Ғалиеваның айтуынша, 11 айда теңге 11,8%-ға әлсіреген. Оған себеп АҚШ долларының көптеген дамушы елдердің валюталарына қатысты нығаюы, АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің артуы, сондай-ақ Ресей рублінің әлсіреуі болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024