Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Барлыбай Садықов Қазақстанның Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін бұл лауазымды Ерлік Әли атқарды және ол Президент жарлығымен қызметтен босатылды.
"Барлыбай Садықов кадрлық дипломат, көпжақты дипломатия, халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану саласындағы тәжірибелі маман. Қазақстанның таратпау және қарусыздану саласындағы бірқатар маңызды сыртқы саяси бастамаларын әзірлеуге белсенді қатысты. Эфиопияда Африка одағының штаб-пәтері орналасқан, және оның көпжақты дипломатия саласындағы практикалық тәжірибесі Африка құрлығының тез дамып келе жатқан елдерімен өзара іс-қимылды нығайтуға маңызды үлес қоса алады", - деп атап өтті СІМ-де.
Барлыбай Кәрімұлы Садықов 1964 жылы 25 қыркүйекте дүниеге келген. 1988 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери институтын бітірді. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.
Дипломатиялық мансабын 1993 жылы Қазақстан СІМ Еуропа және Америка елдері басқармасының атташесі қызметінен бастады. Әр жылдары СІМ орталық аппаратында және ҚР-ның Италиядағы, Швейцариядағы, АҚШ-тағы мекемелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2008 жылдан 2012 жылға дейін - ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, директоры.
2013 жылдан 2015 жылға дейін - ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі; Нью-Йорктегі Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары.
2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін - ҚР Тұрақты Өкілдігінің бірінші орынбасары.
2018 жылдан 2019 жылға дейін - Қазақстанның Пәкістан мен Бангладештегі елшісі.
2019 жылғы шілдеден бастап - Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024