Қазақстанның Ұлттық банкі ЕДБ активтерінің сапасын бағалауға дайындық жүргізеді
Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанның Ұлттық Банкі банктермен ЕДБ активтерінің сапасына бағалау жүргізуді талқылай бастады, - деп мәлімдеді реттеуші басшысы Данияр Ақышев.
«2019 жылы біз банк активтерінің сапасын кешенді бағалауға дайындық жұмыстарын бастаймыз және осы мәселелерді банктермен талқылап жатырмыз», - деді Д.Ақышев сейсенбі күні Астанада өткен Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ол экономикадағы көлеңкелі айналыммен күресу үшін Ұлттық банк қолма-қол ақшаны пайдалануды шектеу және қолма-қол ақшасыз айналымды кеңейту жөніндегі шараларды талқылауға дайын екенін айтты.
Хабарланғандай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 Қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында банк активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу қажеттілігі туралы мәлімдеді.
Ұлттық Банктің дерегі бойынша, Қазақстанның банктік секторында 28 банк бар.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024