Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Медиа сала өкілдері журналист Михаил Козачковтың ұсталуына алаңдаушылық білдірген. 7kun.kz үндеудің толық мәтінін ұсынады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа
ҮНДЕУ
Белгілі журналист Михаил Козачковтың ұсталуы азаматтың конституциялық құқықтарының, еліміздің заңнамасының іргелі негіздерінің және Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелердің бұзылуының айқын мысалы.
Оны көпшілік алдында сотсыз бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабын бұзды деп айыптау туралы егжей-тегжейлі баспасөз хабарламасы қамауға алынғаннан кейін бірден таратылды.
Михаил Козачковтың қорғану құқығы да өрескел бұзылды. Бірнеше сағат ішінде ол Конституциямен кепілдендірілген заңгерлік көмек алу құқығынан айырылды. Козачковтың пәтеріндегі тінту адвокаттың қатысуынсыз өтті, оны ҚМА қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірге кіруге тырысқан кезде де ішке кіргізбеді. Сондай-ақ, адвокат Михаил Козачковпен құпия әңгімелесу мүмкіндігінен айырылды.
Сонымен қатар, Козачковқа тағылған бірқатар айыптар полиция саласына жатады және қаржы мониторингі агенттігінің құзыретіне кірмейді.
Бұл фактілер Михаил Козачковқа қатысты ҚМА әрекеттерін заңсыз және қолайсыз деп тану үшін жеткілікті.
Ұсталғанға дейін журналист өзіне және балаларына төнген қауіптер туралы, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ол туралы белсенді түрде таратылған жала туралы хабарлады.
Мұның бәрі Михаил Козачков жүргізген және жариялаған журналистік зерттеулерге байланысты бұл істің тапсырыс екені күдік туғызады.
Михаил Козачков сыбайлас жемқорлық және басқа да заң бұзушылықтар туралы, соның ішінде құқық қорғау және сот органдарында өткір сыни материалдарымен танымал тәжірибелі журналист. Ол өзінің барлық мақалаларын құжаттар мен фактілерге сүйене отырып жазды.
Тергеудің әділдігі мен объективтілігіне күмәндануға елеулі негіз бар, өйткені құқық қорғау органдарының іс-әрекеттері Сіз уәде еткен саяси реформалар мен Әділетті Қазақстанның құрылуына іс жүзінде кедергі келтіреді.
Михаил Козачков дереу босатылуы керек, ал оның құқықтарын бұзғаны үшін кінәлілер жауапқа тартылуы керек деп санаймыз.
Үндеуге «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры бастап, 30-ға жуық журналист қол қойған. Үндеу соңындағы мәтінге қарағанда қол қою әлі де жалғасуда.
Айта кетейік, кеше «Время» газетінің тілшісі және Kozachkov offside телеграм арнасының авторы Михаил Козачков ұсталды. Оған Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік жолмен бизнесті тартып алуға көмектескен деген күдік келтіріліп отыр.
Белгілі журналистің ұсталуына қатысты Қазақстан Журналистер одағы, журналист еңбек ететін «Время» газетінің редакциясы пікір білдірді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024