Алматы. 31қаңтар. 7kun.kz – Газ тасымалдау жүйесінің маңызды объектісін іске қосу Мемлекет басшысының елдің оңтүстік өңірлерін газбен тұрақты қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылды.
«Қорқыт Ата» КС жұмысының басталуымен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ өткізгіштік қуатын жылына 10 млрд.м3-ден 15 млрд.м3-ге дейін арттыру бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды. Бұл ретте 5 млрд.м3 газ елдің оңтүстік өңірлерінің көгілдір отын қажеттілігін толығымен жабады, ал 10 млрд.м3 Қытайға экспортталмақ. Станса Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақсуат кентіне жақын орналасқан.
Осы инвестжобаны іске асыру аясында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бойындағы Түркістан және Қызылорда облыстарының аумақтарында қосымша үш компрессорлық станса жұмыс істей бастады: «Арал» КС – газ құбырының 518-ші шақырымында, «Қорқыт Ата» КС - 725-ші шақырымында және «Түркістан» КС - 1230-шы шақырымда, олардың екеуі өткен жылдың соңында пайдалануға берілген.
«Қорқыт Ата» КС «ҚазТрансГаз» АҚ қаражаты есебінен қаржыландырылып, рекордтық қысқа мерзім ішінде салынған, соңғы екі айда іске қосылған үшінші жоғары технологиялы станса болып табылады.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі құбыр жобасы болып табылады және мемлекетіміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда маңызды рөл атқарады. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ құрылысының арқасында Қазақстан оңтүстікке газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, елдің бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құру және сыртқы нарықтарға қазақстандық газ экспортын арттыру тәрізді маңызды үш міндетті шеше алды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024