Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық көрсеткіште 25,3% (қарашада - 24,1%) қымбаттады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл топтағы тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында (31,6%), ал ең төменгісі – Алматы облысында болды (23,6%).
ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің айтуынша, аймақтар бойынша инфляция 19 өңірде қарқын алып, 1 өңірде (Алматы облысы) баяулады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 19,4%-ға дейін жеделдеді (қарашада – 18,6%). Ең жоғары мән Астана қаласында (30,5%), ең төменгі мән Алматы облысында (15,3%) тіркелді.
Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы ж/ж 14,1% деңгейіндегі мәнін сақтап қалды. Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден жоғары өскен баға Маңғыстау облысында (17,8%), баяу өскен баға Түркістан облысында (11,4%) байқалды.
2022 жылғы желтоқсанда елде айлық инфляция 1,2%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылда (2017-2021 жылдары: 0,7%) желтоқсандағы инфляцияның орташа мәнінен біршама жоғары.
Айтк кетейік, 2022 жылдың желтоқсан айында елде жылдық инфляция 20,3%-ды құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024