Алматы. 1 қазан. 7kun.kz - Қазақстанның сыртқы қарызы 2019 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша 3,7%-ға қысқарды.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша міндеттемелер 158,3 млрд долларды құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңінде – 164,4 млрд доллар (-3,7%). Осылайша, жыл ішінде бұл сома 6,1 млрд долларға азайды.
Құрылымда айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Негізгі үлес, бұрынғысынша, фирмааралық қарыздарға тиесілі - 100,2 млрд доллар, тағы 39,7 млрд доллар басқа секторлардың сыртқы қарызы.
Шамамен 17 млрд доллар борыштық бағалы қағаздарға тиесілі. Бұл үлес бір жыл ішінде 12,4%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарының қарызы 11,9 млрд долларды (+11,2% немесе 1,2 млрд доллар), ал банктердің қарызы – 5,6 млрд долларды (-6,6% немесе 395 млн доллар) құрады. Ал екінші тоқсанда Ұлттық банктің сыртқы қарызы айтарлықтай қысқарды: 1,2 млрд доллардан 759,4 млн долларға дейін (-41,6%).
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024