Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – Елдің сыртқы борышы 1,1 млрд долларға қысқарды.
2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы борышы 157,6 млрд долларды немесе ІЖӨ-ге қатысты 90,7%-ды (жыл басынан бастап 2,4 пайыздық тармаққа жақсару) құрады.
Сыртқы борыш құрылымында бұрынғысынша фирмааралық берешек (63,9%) басым болуда, байланысты емес кредиторлар алдындағы корпоративтік сектордың сыртқы борышы 24,8%-ды, мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк) 7,9%-ды, банк секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) 3,4%-ды алып отыр.
Мемлекеттің сыртқы борышы шетелдік инвесторлар тарапынан Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарына сұраныстың артуы және тәуелсіз еурооблигациялардың нарықтық құнының өсуі есебінен 102,4 млн АҚШ долларына ұлғайды.
Банк секторының сыртқы міндеттемелері 414,0 млн долларға, оның ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еурооблигацияларын мерзімінен бұрын ішінара өтеу (200 млн доллар мөлшерінде) және Қытайдың қаржы ұйымдарынан «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарыздары есебінен қысқарды.
Корпоративтік сектордың үлестес емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы 555,0 млн долларға азайды, ол, негізінен, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еурооблигацияларды мерзімінен бұрын өтеуі (номиналды құны 961,5 млн доллар), сондай-ақ резиденттердің кредиттік берешегі қысқаруы (198,3 млн долларға) есебінен орын алды. Осылай төмендеу Қазақстан эмитенттері еурооблигацияларының нарықтық құны өсуінен ішінара өтелді (510,0 млн доллар).
Фирмааралық берешек ірі өндіруші және көлік компаниялары шетелдік тел ұйымдардан тартылған кредиттерді өтеуі нәтижесінде 272,7 млн долларға азайды.
Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында есепті кезеңде 1,2 млрд долларға азайып, 2019 жылғы 1 сәуірде 21,6 млрд долларды құраған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке бөлінеді.
Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2019 жылғы 1-тоқсанда 145,3 млн долларға азайып, 47,1 млрд долларды құрады. Бұл ретте мемлекеттік және банк секторлары қалған әлемге қатысты таза кредиторлар, ал корпоративтік сектор таза қарыз алушы болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024