Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 14,3 млрд долларды құрады және 2018 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 7,5%-ға артты.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, екі ай ішінде ел 9,9 млрд доллар көлеміндегі өнімдерді экспорттады (өсім 11,1%), ал импорт 4,4 млрд долларды құрады (өсім 0,3%).
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2,8 млрд долларды құрады (2018 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 0,4% артық), оның ішінде экспорт – 850,3 млн доллар (5,8%-ға төмен), ал импорт – 1, 9 млрд доллар (3,4% артық).
Екі айдың ішінде Ресейге экспорт көлемі 764,8 млн доллар (2,4% қысқарды), ал импорт - 1,8 млрд долларды (өсім 4,2%) құрады.
Ал, Беларуське 9,34 млн долларға (42,3%-ға қысқарту) тауар жеткізілді, ал осы елден 71 млн долларға (18,7%-ға қысқарту) тауар сатып алынды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024