Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-ақпанында сыртқы сауда айналымы 7,5%-ға артып, алдын ала деректер бойынша 14,3 млрд долларды құрады, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
2018 жылдың ұқсас кезеңінде сыртық тауар айналымы 13,3 млрд долларға бағаланды.
Елдің экспорты осы кезеңде 9,9 млрд доллар болды. Экспорт құрылымының 70%-дан астамы минералдық өнімдерге, оның ішінде отын-энергетикалық тауарларға тиесілі, өсім - 15,9%. Дегенмен, 2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда өсу көлемі айтарлықтай баяулаған. Ол кезде өсім 45% құрады. Бұған мұнай өндіру көлемінің төмендеуі себеп болды.
Бұдан басқа, мал және өсімдік тектес өнімдер бойынша экспорт 14,2%-ға, химиялық өнімдер бойынша 13,5%-ға, сүрек және ағаш материалдары бойынша 26,0%-ға, тоқыма және тоқыма бұйымдары бойынша 25,2%-ға, құрылыс материалдары бойынша 4,5%-ға, машиналар мен жабдықтар бойынша 48,7%-ға, өзге тауарлар бойынша 94,9%-ға артты.
Қазақстандық экспорт негізінен ЕО елдеріне (үлесі 46,7%), Қытайға (13,7%), ТМД елдеріне (14,2%) барады. ЕАЭО елдерінің үлесі 7,7%-ды құрады.
Ал Қазақстанның импорты 2019 жылғы қаңтар-ақпанда 4,4 млрд долларға тең. Импорт құрылымында негізінен жеңіл өнеркәсіптің тауар топтары бойынша, яғни аяқ киім, бас киім және галантерея тауарлары 47,3%-ға, тоқыма бұйымдары 22,1%-ға, былғары шикізаты 14,2%-ға өсті.
Сондай-ақ, импорт көлемі отын-энергетикалық өнімдер бойынша 43,4%-ға, мал және өсімдік өнімдері бойынша 5,4%-ға, металл және олардан жасалған бұйымдар бойынша 1,6%-ға төмендеді.
Тауарлар импорты ЕАЭО елдерінен (41,9%), ЕО елдеріне (16,2% үлесі) және Қытайдан (17,0% үлесі) келеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024