Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың алты айында жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 2,6 трлн теңгеге жетті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 17%-ға артық, деп хабарлайды Finprom.
2018 жылдың осы кезеңінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 2,2 трлн теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті бюджет кірістерінің ең көп бөлігі трансферттер түсіміне тиесілі - 1,4 трлн теңге (өткен жылы - 1,1 трлн теңге), бұл жалпы соманың 53,9%-ын құрайды.
Салықтық түсімдер 1,1 трлн теңгені немесе жергілікті бюджет кірістерінің жалпы сомасының 43% құрады. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер мен салықтық емес түсімдер тиісінше 45,8 млрд және 33,3 млрд теңгені құрады.
Жергілікті бюджетке ең көп түсім аударған өңір Түркістан облысы болды - 307,5 млрд теңге (түсімдердің жалпы сомасының 11,9%-ы). Алматы қаласының жергілікті бюджетіне түсетін түсімдері 264,7 млрд теңгені құрады (түсімдердің жалпы сомасының 10,3%-ы). Үшінші орында Алматы облысы - 225,2 млрд теңге (түсімдердің жалпы көлемінің 8,7%-ы).
Айта кетейік, 2020 жылдан бастап Қазақстанда шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының түсімдері жергілікті бюджеттерге түсетін болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024