Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың І тоқсанында ҚР ҰЭМ СК алдын ала деректері бойынша туынды жалпы ішкі өнім көлемі 3,8%-ға ұлғайып, 13,2 трлн теңгені құрады, деп хабарлады Ұлттық банкте.
«ІЖӨ-нің өсуі экономиканың барлық секторларында оң динамикамен қамтамасыз етілді. ІЖӨ өсуі тау-кен өнеркәсіп көлемінің (3,2%-ға), өңдеуші өнеркәсіп (1,6%-ға), көтерме және бөлшек сауда (7,2%-ға), көлік және қоймаға жинау (4,4%-ға), құрылыс (8,9%-ға) көлемінің ұлғаюы есебінен болды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ІЖӨ түпкілікті пайдалану әдісі бойынша 2018 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша 4,1%-ға өсті.
«ЖІӨ-нің өсуіне негізгі үлес таза экспорт пен жалпы капиталдың қалыптасуы есебінен болды, бұл әлемдік тауар нарықтарындағы баға жағдайының жақсаруына және негізгі капиталдың жинақталуына байланысты. Үй шаруашылық шығыстарының өсуі тұтынушылық несиелердің өсуіне, сондай-ақ инфляциялық процестердің баяулауына байланысты болды», - деп түсіндірді Ұлттық банкте.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024