Алматы. 3 маусым. 7kun.kz - Сәуірде елімізде жаңадан салынған баспаналардың бағасы – 12,5 пайызға, ал қолданыста болғандары 11,5 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Ranking.kz басылымы жазды.
Мамандардың айтуынша, сәуірде жаңадан салынған баспаналардың шаршы метрінің құны 253,2 мың теңге, ал қайталама нарықтағы баспананың шаршы метрінің бағасы 193,2 мың теңге болды. 2016 жылы жаңадан салынған және қолданылған баспана бағаларының айырмашылығы 31 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамалас (31 пайыз). Сарапшылардың айтуынша, өзге өңірлермен салыстырғанда сәуірде ең қымбат жаңа үйлер Астана қаласында. Ондағы баспаналардың шаршы метрі 354 мың теңге тұрады. Бұл еліміздегі орташа көрсеткіштен 71 пайыз жоғары. Екінші орында үй бағасы орташа көрсеткіштен 50 пайызға жоғары Атырау облысында шаршы метр 312 мың теңгемен тұрса, үшінші орынға Маңғыстау облысы 309,5 мың теңгемен жайғасты. Басылым мәліметіне сәйкес, жаңа баспаналар бағасының өсуі 2015 жылдың сәуір айымен салыстырғанда Павлодар (+39,2%), Жамбыл (+29%) және Маңғыстау (+20,4%) облыстарында байқалған. Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жаңа баспаналардың бағасы өзгермеген. Ал СҚО, БҚО және Ақтөбе облысында үй бағасы арзандады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024