2016 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 1 609,0 млн долларды құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 34,1%-ға азайды. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Осылайша, экспорт – 508,6 млн АҚШ доллар болып, 24,0%-ға төмендеді, ал импорт – 1 100,4 млн доллар (37,9%-ға аз) болды.
Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (35,3% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), химиялық өнеркәсіп өнімдері (22,9%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (19,4%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (10,9%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 25,3%), минералды өнімдері (18,8%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (16,9%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (14,6%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (10,7%) әкелінеді.
[caption id="attachment_41168" align="alignnone" width="624"] Дереккөз: Статистика комитеті[/caption]Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024