Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанның сыртқы қарызы 2010 – 2015 жылдар аралығында 35,2 млрд долларға өскен деп хабарлайды Finprom аналитикалық қызметі. Бұл туралы forbes.kz жазды.
Қазақстанның ЖІӨ қатысты сыртқы қарызы фирмааралық берешекті ескермегенде – 38,7%, ал онымен есептегенде 83 пайызды құрайды. 2015 жылдың қортындысына сәйкес, сыртқы қарыз 153,5 млрд долларды құраған. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 35,2 млрд долларға көп. Алайда берешектің 2010 – 2014 жылдар арасындағы үдемелі өсуі 2015 жылы сыртқы қарыз 4 млрд долларға азайғанда тоқтады. Сонымен қатар, жалпы сыртқы қарыздың 2,6 пайызы ғана теңгемен көрсетілген. Бұл отандық қарыз алушылар үшін әлі де валюталық тәуекел бар деген сөз. Одан бөлек, сыртқы қарыз сыйақы төлемінің 60%-ы еркін айналымда. Бұл макроэкономикалық жағдай әлсірелегенде қазақстандық субъектілердің борышты өтеуге қызмет көрсету (қарыз бойынша пайызды төлеу) мүмкіндігін азайтуы мүмкін. Дегенмен, Қазақстанның жинақталған сыртқы қарызын төлеуге жеткілікті резервтік активтері бар. Мысалы, 2015 жылдың 31 желтоқсанында ҚР Ұлттық банк резервтерінің қысқамерзімді қарыздарға қатынасы 126 пайызды құраған. Ал халықаралық «Гвидотти ережесі» стандарты бойынша ол 100 пайыздан төмен болмауы тиіс.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024