«Қазақтелеком» мен «Кселл» акциялары Санкт-Петербург биржасында бағалы қағаздар тізіміне енгізілді
Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz – «Қазақтелеком» АҚ мен «Кселл» АҚ акциялары «Шетел эмитентінің қарапайым акциялары» санаты бойынша Санкт-Петербург биржасында сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздар тізіміне енгізілді, - деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі.
«Санкт-Петербург биржасы» АҚ басқармасының бұл шешімі 2019 жылдың 5 наурызында қабылданды, ал сауда-саттық 7 наурызда басталды.
«Осы биржада сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздар тізіміне қосылу ресейлік инвесторларға «Қазақтелеком» АҚ, сондай-ақ біздің жаңа мобильді активіміз – «Кселл»АҚ секілді құнды қағаздарды сатып алу арқылы инвестициялық портфельді әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әңгіме инвесторлардың сауда-саттығына және сатып алуына қол жетімді қарапайым акциялар туралы болып отырғанын атап өткім келеді», –деп мәлімдеді «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржы директоры Асхат Өзбеков.
«Қазақтелеком» елдегі телекоммуникация нарығында үстем жағдайға ие. Компанияға Kcell ұялы операторы акцияларының 75%-ы, сондай-ақ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (СП Tele2 және «Қазақтелеком») акцияларының 49%-ы тиесілі.
«Kcell» АҚ - Қазақстан нарығында жұмыс істейтін үш мобильді оператордың біреуі. Компания нарықта корпоративтік клиенттерге арналған Kcell және жалпы абоненттерге бағытталған Activ брендтерімен танымал.
«Санкт-Петербург биржасы» АҚ – Ресей Федерациясындағы бағалы қағаздар мен фьючерстік келісім-шарттар саудасын ұйымдастыратын алғашқы сауда алаңдарының бірі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024