Нұр-Сұлтан. 14 қыркүйек. 7kun.kz – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» Директорлар кеңесінің шешімімен Ержан Мұқанов Қомпания Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ержан Мұқанов бұған дейін компанияда 2022 жылдың шілде айынан бастап Басқарма Төраға міндетін атқаруышысы және наурыздан бастап Компанияның Өндіріс жөніндегі бас директоры қызметін атқарып келген.
Оның ҚР Ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында арнайы байыту әдістері және гидрометаллургия зертханасының инженері қызметінен бастап, атом өнеркәсібінде түрлі лауазымдарында 23 жылдан астам тәжірибесі бар.
Мұқановтың Қазатомөнеркәсіп жүйесіндегі қызметі 2006 жылдан бері, «КАТКО» БК» ЖШС инженер-технолог лауазымынан басталып, AREVA Mines өндірісін дамыту үйлестірушісі ретінде, және де «КАТКО» БК» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «Қаратау» ЖШС және «Семізбай-U» ЖШС сияқты Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарумен жалғасты.
Айта кетейік, 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап компанияның бұрынғы басшысы Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы - Директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен өз еркімен кетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024