ҚР Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Юсупов ұлттық экономика министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Мейіржан Юсупов 1979 жылы туған. 2001 жылы «Экономика және басқару» мамандығы бойынша MIDDLE EAST TECHNICAL UNIVERSITY, 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін, 2015 жылы Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебін бітірген.
Еңбек жолын «Туркуаз компаниялар тобы» АҚ департамент директорының орынбасарлығынан бастаған. Кейін «Демир Қазақстан Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Қорында қызметтер атқарған.
Сондай-ақ ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымындағы мемлекеттік қызметте де болған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2010 жылдың қыркүйек айынан Корпоративтық қаржы және қазынашылық департаментінің директоры лауазымында еңбек жолын бастады. 2015 жылы қараша айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Бас директоры болып тағайындалған.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024