
Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып Ұлан Әліпов тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ұлан Әліпов "ҚазАвтоЖол" АҚ-да бұған дейін де жұмыс істеген. 2013-2014 жылдар аралығында ол компанияның Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Кейіннен "ҚазАвтоЖолдың" бас директоры болды. Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде еңбек етті.
Жаңа төраға - техника ғылымдарының кандидаты.
"ҚазАвтоЖол" — Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор. Компания халықаралық және Республикалық маңызы бар жолдарды жобалаумен, салумен, жөндеумен және қайта жаңартумен айналысады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025