Қазақстан. 15 шілде. 7kun.kz – Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі kaztag.kz-ке берген жауабында хабарлады.
«13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қорытындысы негізінде «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты «аммофосты» іске асыру кезінде жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру арқылы өзі үшін заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 221-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 5 сәуірде монополияға қарсы қызметкерлер «Қазфосфат» ЖШС – ға қатысты аммофос бағасын едәуір және негізсіз көтеру фактісі бойынша тергеудің басталғаны туралы мәлімдеді. Аммофос – ең көп сұранысқа ие ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бірі. Ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бағасы елдегі азық-түлік құнына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазфосфаттың» заңсыз кірісі туралы айтқан болатын.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024