Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Qazkom өз клиенттері үшін Western Union ақша аударым қызметін қолдану мүмкіндігін кеңейтті. Енді Homebank интернет-банкингтің пайдаланушылары банк бөлімшесіне бармай-ақ, Western Union жүйесі арқылы ақша аударымдарын онлайн жөнелтіп, ала алады.
«Енді біздің клиенттеріміз 24/7 тәртібінде, яғни демалыссыз тәулік бойы Western Union ақша аударымдарын алып, жөнелте алады. Жаңа сервистің айта кетерлік тағы бір артықшылығы – Homebank арқылы Western Union ақша аударым қызметінің құны банк бөлімшесінде көрсетілетін қызметтің құнынан екі есеге дейін арзан келеді, яғни бұл қызметке арнайы промо-тариф белгіленген», - деді өз сөзінде Qazkom-ның басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров.
Айта кетерлігі, Қазақстанда интернет-банкинг арқылы орындалатын Western Union ақша аударымы бірінші рет ұсынылып отыр. Бұл сервисті пайдалану үшін Qazkom-да ағымдағы немесе карталық шоттың болуы керек және Homebank порталында тіркелу қажет.
Бұл күндері Qazkom және оның бас «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ы Қазақстанда Western Union-ның жетекші серіктес банктерінің бірі болып есептеледі. Қашықтықтан қызмет көрсету арналарын енгізу арқылы банктер Western Union ақша аударымның санын көбейтуді көздеп отыр.
Бүгінгі күні Homebank пайдаланушыларына Western Union ақша аударымының екі түрі қолжетімді – «Жылдам» және «12 сағат». Аударымның «жылдам» түрінде аударым сомасы жөнелтілген соң бірер минутта қолжетімді. Екінші түрінде, аударымды жөнелтілген уақыттан 12 сағатта алуға болады. Бұл аударымның түрі Қазақстаннан ТМД елдеріне (Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінен басқасы) және Грузияға ақша аударғанда қолданылады. Промо-тарифтердің кезеңіне дейін, яғни 2018 жылдың 30 мауысымына дейін «Жылдам» және «12 сағаттың» қызметтерінің құны бірдей.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024