Қазкоммерцбанк өзіне тиесілі 19,37%-ды құрайтын Şekerbank T.A.Ş акцияларын сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы банктің ресми сайтында хабарланды.
«2015 жылғы «31» желтоқсанда «Казкоммерцбанк» АҚ («ККБ»), «БТА Банкі» АҚ («БТА»), «БТА Секьюритис» АҚ («БТАС»), Şekerbank T.A.Ş. Personeli Munzam Sosyal Güvenlik ve Yardımlaşma Sandığı Vakfı («SEMVAK») және InterConsult Uluslararası Finansal Danışmanlık ve Gayrimenkul Yatırım Ltd. Şti. («InterConsult») арасында жасалған Консультациялық келісімге сәйкес, ККБ, БАТ және БТАС өздеріне тиесілі Şekerbank T.A.Ş. акцияларын келешекте стратегиялық инвесторға сатуды жоспарлайды және SEMVAK үшін жаңа стратегиялық әріптес іздестіру бойынша бірлесіп қызмет жасайды. InterConsult акция сатуға мандат алған», - делінген банк хабарламасында. Сатылым бағасы акцияларды беру мерзіміне сәйкес анықталады. Фото: kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024