Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz - Қазкоммерцбанктің бас акционері, кәсіпкер әрі меценат Кеңес Рақышев алдыңғы жылы селден зардап шеккен Алматының Наурызбай ауданындағы спорттық кешеннің құрылысын қаржыландырды. Бұл жөнінде банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Кезінде құрылыстық қоқысқа толы 600 шаршы метрлік жерде бүгінгі күні көлемі 300 шаршы метрді құрайтын жаңа мини-футбол алаңы пайда болды. Бұл алаңның құрылысына, жерді өңдеу және дайындау жұмыстарына жалпы 2 ай қажет болды. «Былтыр Қазкоммерцбанк пен Алматы әкімдігі өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойған еді. Сол кезде мен де «Сәби» қайырымдылық қорымен бірлесіп, үстіміздегі жылдың желтоқсан айында ашылатын Наурызбай ауданындағы жаңа мектептің құрылысын өз мойныма алған болатынмын. Сондай-ақ Алматының әкімі Б. Байбек мырзаға осы аудандағы спортпен шұғылдану алаңының құрылысын да қолға алып, аяқтаймын деп уәде берген едім», - деді өз сөзінде Рақышев мырза. Аталған спорттық нысанның есігі барлық тұрғындар үшін айқара ашық. Мұнда балалар үшін түрлі әткеншектер, төбешіктер және өзге де ресейдің спорттық-ойын кешендерімен бірге ересектер үшін Қазақстанда жасалған жаттығу құрылғылары орналасқан. Футбол әуесқойлары да бос уақыттарында жарықтандырылатын жасанды көк алаңда доп ойнай алады. Сондай-ақ, қаланың экологиясын жақсарту мақсатында алаңның периметрі бойынша 20 жапырақты ағаш отырғызылды. Қазкоммерцбанктің негізгі акционері Ракишев мырзаның Алматының дамуына салған инвестициялары бір жүйеге келтірілді. Бұлай дейтініміз, былтырғы жылы Кеңес Ракишев «Сәби» қайырымдылық қорымен Наурызбай ауданында селден зардап шеккен он тұрғын үйге қаржылай көмек көрсетті. Қаражат ғимараттарды жөндеуге, техника, мектепке қажетті құрал-саймандарды және т.б. заттарды сатып алуға жұмсалған еді. Үстіміздегі жылдың соңына дейін мұнда 1,2 мың балаға арналған орта мектеп ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, осы жылдың мамыр айында оңтүстік астанада Қазақстандағы алғашқы Дзюдо академиясы ашылды. Және Алматының қаржы орталығы ғимаратының жанынан 1,5 га қылқан жапырақты және жапырақты ағаш отырғызылған жаңа саябақ пайда болды. Бұдан ертерек хабарлағанымыздай, Қазкоммерцбанк 2015 жылғы 9 қыркүйекте Алматы әкімдігімен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі салаларына жұмсалатын 300 млрд теңге көлеміндегі қаражатты қарастыратын мемлекеттік және жеке меншік әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойған болатын.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024